Дәуіт немересі Мәмбет баласы Нұрым құлпытасы

ZH-SAF-001548
Дәуіт немересі Мәмбет баласы Нұрым құлпытасы — Қосымша сурет Қосымша сурет
Ескерткіш түріҚұлпытас
ҚорымМәулімберді қорымы
ОрналасуыАқжайық ауданы, Базартөбе ауылдық округы
Қорымдағы нөмірі№8
Қайтқан жылы1859
Жасы76
Ру / тайпа / бөлімБайбақты / Әлтеке
Тасты қойғанбаласы Анжас, хатуны Балқия бәйбіше
Өлшемдері212 × 30 × 30 см
Жазу әдісіШығыңқы рельефті қашалған

Жазу

Мағыналық аударма (Қаз)

Байбақты руы, Әлтеке тайпасының Жабағы бөлімінің Дәуіт немересі Мәмбет баласы Нұрым опат болды Артқы беті: 76 жасында1859 жылы бұл тасты баласы Анжас, хатуны Балқия бәйбіше жаздырды. Оң жақ қыры: «Өлім – кесе, күллі адам дәм татады, қабір – есік, күллі адам кіреді». Сол жақ қыры: «Қабір – не Жұмақтың бақтарының бірі, не Тозақтың құрдымдарының бірі».

Марқұм туралы

Д

Дәуіт немересі Мәмбет баласы Нұрым

Байбақты · Әлтеке · 1859 ж. · 76 жасында

Ғылыми сипаттама

Мәтін: بايباقطى روعى التكا طائفەسى نك جاباعى بولمى نك داوت نبراسى مامبت بلاسى نورم وفات بولدى

Оң қыры: الموة كاس كل ناس شربه القبر باب كل ناس داخله

Сол қыры: القبر روضة من رياض الجنة أو حفرة من حفر النار[1]

Артқы беті: ٧٦ يشنده ١٨٥٩ نچى يلده بو طاشنى يازدردى بلاسى انجاس خاتونى بالقة بايبيشه

: Нурым сын Мамбета внук Даута из отделения Жабагы племени Алтеке рода Байбакты скончался в 76 лет в 1859 году. [Надпись на] этом камне приказали нанести [его] сын Анжас, и [его] супруга Балхия-байбише. «Смерть – чаша и каждый человек испьет из нее, могила – дверь и каждый войдет в нее». «Могила — это либо сад из числа садов Рая, либо яма из числа ям Ада»

: Nurim, the son of Mambet, the grandson of Daut from the branch of Zhabaghi of the taypa Alteke, of the ru Baybaqti passed away aged 76 in 1859. This stone ordered by his son Anzhas and his wife Balkhya-baybishe. «Death is the cup and each person drinks from it, the tomb is the door and everyone enters into it». «The grave is either a garden from the gardens of Paradise or a hole from the holes of Hell Fire».

[1] Хадис. Тирмизи, 2460.

Құлпытас артында үйінді төбешік бар, күмбезді кесене болуы мүмкін.

Сақталуы: Құлпытас, жақсы сақталған.

Орналасуы

Қорымның координаттары әлі енгізілмеген — карта ауданды көрсетеді.

Дереккөздер

  1. zhantas.kz сайтындағы бастапқы жарияланым: «№8» (15.03.2022) zhantas.kz ↗

Осы қорымдағы басқа құлпытастар

Сілтеме жасау үлгісі

Дәуіт немересі Мәмбет баласы Нұрым құлпытасы. ZH-SAF-001548 // Жаны бар тастар: Батыс Қазақстан құлпытастарының каталогы. — zhantas.kz. — URL: https://zhantas.kz/stones/ZH-SAF-001548/ (қаралған күні: 08.11.2026).

Соңғы өзгеріс: 15.03.2022