21 тамызда музейімізге Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Мейірболат Жақыпов келіп, өз отбасының тарихына қатысты құнды дүниелерді музей қорына табыстады.
Ол өзінің әкесі, өмір жолы өнегеге толы Хаби Жақыпов туралы жазылған кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар өзі жайлы жарық көрген түрлі мерзімді басылымдардағы мақалалар мен газет нұсқаларын музей қорына өткізді.

Бұл материалдар болашақ ұрпақ үшін өлшеусіз рухани қазына саналады. Әке мұрасын ұлықтап, өзінің де қоғамдық қызметі мен еңбегін хатқа түсіріп, музейге табыстаған Мейірболат Жақыповқа алғысымыз шексіз!




