Жаңа ғимарат салу аса өзекті!

Жаңа ғимарат салу аса өзекті!
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.
Соның ішінде Президенттің өңірлерде 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет нысанының құрылысын бастау ерекше назар аудартады.
Осы орайда облыстық деңгейде қарастырылып жатқан Батыс Қазақстан облысында жаңа тарихи-өлкетану музейін салу мәселесінің өзектілігі арта түсті.
Биыл 190 жылдығын атап өткен облыстық музейіміз әлі күнге дейін 1879 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Ал облыстық музей жүйесінің қорында 204 мыңнан астам тарихи-мәдени құндылық сақтаулы.
Қазіргі ғимараттың мүмкіндіктері бұл құндылықтарды талапқа сай сақтауға, ғылыми тұрғыдан зерттеуге және көпшілікке кеңінен таныстыруға шектеулі. Сондықтан арнайы қор сақтау орындары, ғылыми-зерттеу және реставрация бөлмелері, заманауи экспозициялық залдары бар жаңа музей ғимараты қажет.
Қолға алынар құрылыстар қатарына Батыс Қазақстан облысының жаңа тарихи-өлкетану музейін салу жобасын енгізсе құба-құп.
“Халықтық құрылыс” бағдарламасы жақсы жүзеге асып, елдің игілігіне жарайтын ауқымды жоба болғай.

Тыңдау

  1. Тыңдау ↗