15 тамызда музейімізге ҚР Мәдениет қайраткері, өлкетанушы, музей саласының ардагері Сара Есқайырқызы келді.
Жақында директорлық қызметке кіріскен Жантас Набиоллаұлы пікір алмасып, кеңесу мақсатында сала ардагерін арнайы шақырған еді.

Кездесу барысында музей жұмысы, оның ішінде қор қызметі, көрме залдарындағы жәдігерлердің орналасуы, мәдени-ағартушылық іс-шаралар және музейдің тарихы жөнінде әңгіме өрбіді. Көп жылдық тәжірибесі бар маман ретінде кей ағаттықтарды түзеу жөнінде ұсыныстар айтылды. Сара Есқайырқызы музей тарихына қатысты деректермен бөлісіп, қолдан келгенше қолдау білдіретінін жеткізді.



