Мәулімберді қорымы толықтай зерттелмек

Былтыр “Орал өңірі” газетіне жарияланған “Мәулімберді қорымы – ғалымдар мекені” мақаламның соңында “Ғалымдардың өзі Мәулімберді қорымындағы тұлғалардың тарихи маңызы зор, болашақта арнайы мемлекеттік жоба жасап, соның аясында терең зерттеген жөн дейді. Құрметті оқырман, осы Мәулімберді қорымындағы тұлғаларға қатысты деректер, олардың ел үшін атқарған істері туралы әңгімелер білсеңіздер, тікелей ұрпақтары болсаңыздар, редакцияға хабарласуларыңызды сұраймын” деп жазған болатынмын. Алла қалауымызды қабыл алып 2015-2017 жылдарға арналған “Қазақ халқының мәдени ескерткіштері рухани мұраны сақтау мен жеткізудің жолы ретінде (БҚО-ның эпиграфикалық ескерткіштері негізінде) атты ғылыми жоба бекітілді. Осы жобаның аясында осы шілде айының ортасында өңірімізге осы саланың мықты маманы, ғалым Әшірбек Мүминов бастаған ғалымдар келмекші. Жоспар бойынша Мәулімберді қорымы толықтай зерттелмек.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02nBPNFcNq1RZYjAPUPV8tC6SxM6HBKLs6UJUE8rEbTfgLERQdw25ppTxogkx9gKCbl&id=100001986662575