Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Моңғолиядан бір қандасымыз ФБ бетінде үндеу тастаған екен. “Әрқайсымыз өз елімізде, өз жеріміздегі тауға шығып, 550 Ту тігейік!”деп. Белгілі журналист Qazybek Quttymuratulyның ұсынысымен, мекеме басшысы Жантас Сафуллиннің қолдауымен үндеуге қолдау білдірген “Жайық Пресс” ЖШС ұжымы өңіріміздегі ең биік нүкте – Тасқала ауданының аумағындағы Ешкітаудың шыңына шығып, тәуелсіз еліміздің көк Туын тіктік. Біздің ізгі ниетімізді құптағандай, көктен нұр құйып тұрды. Соған қарамастан, алға қойған мақсатымызды орындап, Туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқап, қасиетті жердегі бұлақ суынан ішіп, демалып кайттық. Біздің эспедициямызға қолдау білдірген тасқалалық әріптестерімізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз!




