КӨПТЕН САҒЫНДЫРЫП ЖҮР ЕДІ… немесе күй төгілген кеш
Орал қаласындағы облыстық қазақ драма театрының кең залы көрерменге лық толы. Ине шаншар орын жоқ десек те, асыра айтқандық болмас. Қасиетті жұма күнгі кешқұрым көне шаһардағы өнердің қара шаңырағына қандастарымыздың өз ықтиярымен келуіне сеп болған – қазақы домбыра үнінің құдіреті. Иә, «мың өліп, мың тірілген қазақтың» тура өзі сияқты домбыра да тарихтан теперішті аз көрген […]