Жаңалықтар

Жанғали аға журналистер арасында

Белгілі ақын, журналист Жанғали Набмуллин өзінің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жайық Пресс»  ЖШС-ның баспасөз орталығына келіп, әріптестерімен, ізбасар шәкірттерімен, журналистермен кездесті. «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин Жанғали ағайдың мықты ақын ғана емес, тәжірибесі ұшан-теңіз журналист екенін, әрқашан азаматтық көзқарасына, кәсіби борышына берік азамат болғанын айта келіп, ақынның туған күні құрметіне шағын тарту-таралғы жасады. […]

Сыйлық қолға сыймаған күн

Сейсенбі күні «Жайық Пресс» ЖШС-ның мәжіліс залында балғын оқырмандар үшін ұйымдастырылған биылғы шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Балғындардың жүзіне күлкі ұялаған шуақты шарада алғысөз алған облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған балалар шығармашылығы байқауының мән-маңызына тоқталды. Биылғы байқауға демеушілік жасап, өрендерге сәттілік тілеген «Жайық Пресс»

«Қалам қаңтарылмасын, көңіл қартаймасын» деп «Жайық Пресс» өз жанынан ардагерлер ұйымын құрды

Бұдан бұрын газетімізде «Жайық Пресс» ЖШС-да оның бас директоры Жантас Сафуллиннің ұйытқы болуымен «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттеріне еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан ардагерлерді шақырып, бір дастарқан басында әңгіме-дүкен құрғандары жазылды. Сол бір емен-жарқын отырыста қариялар қос газеттің жанынан ардагерлер ұйымын құру жөнінде мәселе көтеріп еді. Ардагер журналистер өздерін далада қалғандай сезінбеулері үшін бастарын біріктіретін

«Жайық Престе» жаңа басшы

Кеше облыстық ішкі саясат басқармасының директоры Тілекқабыл Имашев «Жайық Пресс» ЖШС-ның ұжымына аталмыш серіктестіктің жаңа басшысын тағайындады. Бас директор қызметіне тағайындалған Жантас Набиоллаұлы Сафуллин еңбек жолын осы ұжымда заңгер, қаржы менеджері болып бастап, соңғы үш жылдан бері бас директордың орынбасары қызметін атқарған.                          

Ұлылар бейнеленген дәптерлер

Оралда қазақтың жеті ұлы тұлғасының бейнесі салынған дәптерлер шығарылды. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына жасалған тарту – «Жайық Пресс» ЖШС-дағы «Нұр Отан» ХДП бастауыш ұйымының бастамасымен аталмыш серіктестіктің баспаханасында өндірілген отандық тауар. Жуырда жаңа дәптерлердің тұсаукесер рәсімі болып өтті. Абай, Исатай, Махамбет, Сырым, Райымбек, Құрманғазы, Динаның суреті бейнеленген 36 беттік қалың дәптерді шығаруға бір айдай уақыт

Өлке тарихын өзіміз жинақтайық!

Жақында «Жайық Пресс» ЖШС ғимаратында бір топ ғалым мен журналист бас қосты. «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында елімізге қандай пайдалы тарту жасай аламыз?» деген сауал төңірегінде ой бөліскен зиялы қауым өкілдері Батыс Қазақстан облысының этномәдени мұрасын жүйелеп, бір жерге жинақтайтын орталық қажет-ау деген мәмілеге келіп отыр. Ақ Жайық өңірі – ежелден мәдени мұраға бай, тарихы

«Қалауымыз – халық бірлігі»

Жақында «Жайық Пресс» ЖШС-ның баспасөз орталығында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының 15 жылдығына арнап шығарылған «Қалауымыз – халық бірлігі» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеті қызметкерлерінен құралған шығармашылық топ еңбегінің нәтижесінде жарық көрген кітаптың тұсаукесер салтанатына Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы  төрағасының орынбасары, хатшылық басшысы Қуанышбай Төлебаев, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас

Әйгерім мен Дархан Азиадаға барады

Қаңтардың 27-сі күні «Жайық Пресс» ЖШС-ның ақпараттық қолдауымен және облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жарияланған «Азиада-2011 бізге несімен маңызды?» атты эссе байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Марапаттау салтанатында сөз алған «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин бұл байқаудың маңызына жан-жақты тоқтала келе, 15 қатысушы өз бақтарын сынағандығын, байқаудың әділ өтіп, қос жеңімпаздың

АЗИАДАҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

Спортты әлем халқы бейбітшілік символы деп қабылдап, салауатты өмір кепілі ретінде әлдеқашан мойындаған. Елбасымыз ел халқына арнаған Жолдауында да қазақстандықтарды бұқаралық спортқа тарту мәселесіне баса назар аударған болатын. Кешегі өткен ҚЫҰ Саммиті мен жақын арада оздырылуы тиіс Азиада ойындары – Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі. Елбасының қолдауына ие болған VІІ қысқы Азия ойындары барша халықтың алдында

Танымал журналистер партияға қабылданды

Кеше «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ұйымдастыру және партиялық жұмыс бөлімнің меңгерушісі Серік Дәулетов пен «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Сарқұлов партияның жаңа мүшелеріне партия билетін салтанатты жағдайға табыстады. Сөйтіп, «Жайық Пресс» ЖШС-ның 21 қызметкері «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне  қабылданды Елбасы Нұсұлтан Назарбаев төрағасы болып табылатын партия қатарына өткен әріптестеріміздің  арасында

Scroll to Top