Хан тоғайынан – Хан ордасына дейінгі 550 шақырымдық автошеру мәреге жетті
Бөкей мен Жәңгір хан билеген Ішкі орданың астанасы – Жасқұстағы Хан ставкасы, бүгінгі Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылы Ақжайық өңірінде өткен дүбірлі тойдың орталығы болды. Ал дәл осы той қарсаңында «Жайық Пресс» ЖШС мен «DANA.kaz» журналы мерекенің құрметіне автошеру ұйымдастыру туралы бастама көтерген еді. Автошерудің мақсаты – Қазақ хандығының 550 жылдық тойын нағыз халықтық […]