Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған журналистерді еске алды
Өткен ғасырдағы талай нәубет қазақ тарихында қанды ізін қалдырды. 1937-38 жылдардағы зұлматта біздің облыстан мыңнан астам адамның тағдыры оққа байланды. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың арасында журналистер де бар. Олардың тағдырына қатысты ақтаңдақтар тереңірек зерттеуді қажет етеді. Бұл жайында сейсенбіде «Жайық Пресс» медиахолдингінің ғимаратында өткен еске алу шарасында айтылды. Сол күні тоталитарлық саясат салдарынан құрбан болған журналистердің […]









