Журналистика ардагерлерінің жиыны
Жуырда «Жайық Пресс» ЖШС жанындағы ардагерлер ұйымының кезекті отырысы өтті. Жиында байырғы журналистер 1911 жылы шыққан «Қазақстан» газетінің тарихы, ардагерлердің әлеуметтік мәселелерін талқылады. – Бүгінгі басқосуымыздың басты мақсаты ардагерлер ұйымының жұмысын пысықтап, жыл бойғы атқарылар шаруалардың жоспарын нақтылау болып табылады. Сонымен қатар ғасырға жуық тарихы бар облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері басылымдарын «Қазақстан» газетінің ізбасары ретінде қарастыру жайында өздеріңізбен кеңесуді жөн көрдік, – деді жиынды өткізген «Жайық […]