Батыс Қазақстанда көне кітап, қолжазбаларды жинау қолға алынды
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бастамасымен «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» жобасы жүзеге асырыла бастады.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бастамасымен «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» жобасы жүзеге асырыла бастады.
Дәл қазір Батыс Қазақстан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – ұлттың ұлылығын ұлықтауға ұйыстырады» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жаңабек Жаңабайұлы Жақсығалиев, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры Жантас Нәбиоллаұлы Сафуллин, «Саят» этно-туристік орталығының директоры Дастан Қадерұлы Мырзағалиевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуде. ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТ
Таяуда Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кітапханасында Ғұмар Қараш еңбектерінің үш томдығы таныстырылды. Таныстырылымға елімізге белгілі тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Көрнекті ақын, ағартушы, философ, қазақ баспасөзін қалыптастырушы тұлға, дін қайраткері Ғұмар Қараштың (1875-1921) шығармалары толығымен жинақталып алғаш басылып отыр. Үш томдық жинақтың алғашқы томына ақынның көзі тірісінде шыққан жинақтарына жарияланбаған
Қаратөбе ауданының 90 жылдық мерейтойын атап өту шараларын ұйымдастыруға байланысты ұйымдастыру комиссиясының екінші отырысы өтті. Аудан әкімі Жанат Асантаевтың төрағалығымен мерекеге орай атқарылмақ шаралардың жүзеге асырылуы талқыланған жиында сөз алған «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Жантас Сафуллин ауданға қарасты барлық ауылдық округтердің шежірелі тарихынан, ерекше табиғатынан сыр шертер, танымал тұлғалар мен әр округтің, әр ауылдың
Сейсенбі күні «Жайық Пресс» ЖШС-ның мәжіліс залында соғыс және еңбек ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері, майдангер журналист, Бисен Жұмағалиевтің «Жайсаңдар жайлы толғаныс» атты естелік кітабының тұсаукесері өтті. Майдангер журналистің бақиға аттанғанына үш жылға жуық уақыт өткенде жарық көрген аталмыш кітап автордың еңбегін жоғары бағалайтын кейінгі толқын әріптестерінің қолдауымен басылып шықты. – Бисен ағамызға дүние саларынан
Кеше Орал қаласында қазақтың ақиық ақыны Қайрат Жұмағалиевке арналған ескерткіш тақта ашылды. Ақын өмірінің соңғы жылдарында қызмет еткен «Жайық Пресс» ЖШС ғимаратының қабырғасына ілінген ескерткіш тақтаны халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы, ақын Ақұштап Бақтыгереева және Қайрат Жұмағалиевтің жары София Нығметоллақызы салтанатты түрде ашты. Шараға Жайық өңірінің аға буын қаламгерлері, ақынның
Бейсенбі күні Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «DANAqaz» тарихи-танымдық журналының бес жылдығы аталып өтті. Кешке келген өнерсүйер қауым алдымен аталмыш басылымның «Құлпытас сырын ашайық!» жобасы аясында анықталған, өлкемізден шыққан тарихи тұлғалар – хан, би, батыр, ишан-қазіреттер құлпытастарының көрнекі суреттерімен және онда жазылған мәтіндермен танысты. Мұнан кейін өңірімізге белгілі өнерпаз, республикалық, халықаралық байқаулардың
28 қараша күні «Жайық Пресс» медиахолдингінде жаңа мобильді қосымшаның таныстырылымы өтті. Оған облыстағы мемлекеттік құрылымдардың баспасөз хатшылары, «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің бас редакторлары мен тілшілері қатысты. Шарада мекеме-ұйымдардың баспасөз қызметімен жедел әрі тиімді байланыс орнату және ақпарат алмасу мәселелері де сөз болды. «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин: «Заман талабына сай барлық ақпарат
Еуропа мен Азияның кіндігінде орналасқан, ата-бабамыздың басынан өткен талай заманалық оқиғаларға куә болған Ақ Жайық топырағы – қазақ мемлекеттілігінің бастау бұлағында тұрған шежірелік өлке. Осы өлкедегі тамырын тереңнен тартатын облыстық қос басылым ғасырлық тойына үлкен олжа, зор абыроймен жетті. Олай деуге сеп, соңғы жылдары тың бастамалары һәм жарқын жобаларымен жарқ ете түскен Жантас Набиоллаұлы бастаған
Жаңалықтың жаршысы, аймақтың айқын айнасы, ұлт мүддесі жолындағы іргелі істердің ұйытқысы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің жүз жылдығына арналған мерейтойлық шаралар түстен кейін облыстық қазақ драма театрында жалғасты. Көрмеге облыстық қос басылымның жүз жыл бойы жарық көрген барлық сандары жинақталған тігінділер, қаламгерлердің саусағының ізі қалған жазу машинкалары мен қаламсаптары, шағын шынысында қилы тағдырдың табы қалған