Алматыдан келген ғалымдар

Биылғы ораза айы қатты ыстық кезеңге тап болуымен есте қалатын болды. Осы аптап ыстықта аузын бекітіп, даланы кезіп, ел үшін қызмет етіп жүрген екі азамат бар. Ай далада, тіпті көлеңкелейтінде ештеңе жоқ.Таң атып, күн шығысымен жұмыстарын бастайды. Шақырайған күн астында күні бойы дамылсыз еңбек етеді. Күн батып, қараңғы болғанда тамақтанып, далаға қонып, ертесіне қайта жұмысқа кіріседі. Бұның қаншалықты ауыр екендігін ораза ұстаушылар жақсы білер, тіпті ораза ұстамасаңда оңай шаруа емес екені анық.

Осылайша жұмысты өз қалауларымен, елдің болашағы үшін шынайы ниеттерімен жасап жатырған екі азамат ҚАЗБЕК ҚАБЖАНОВ пен АЙБОЛАТ КУРУМБАЕВ. Олар Алматыдан арнайы келген ғалымдар Әшірбек Мүминов және Бағдат Дүйсеновпен бірге Мәулімберді, Қарақоға қорымдарындағы құлпытастарды зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Ғалымдармен бірге атқарған істерінің нәтижесінде болашақ ұрпақтың ұлттық санансын қалыптастырып, ұлттық рухты көтеретіндігі, тарихымызды зерттеп, әділдікті паш етудегі өлшеусіз еңбек болары сөзсіз.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid03nQs4L2PRx1G8Ui84edDjPtqzjGsLkKz4gq1uRZwdc3jraTn9uQKzdKKAPBTD3kTl&id=100001986662575