«Жайық Престің» жаңа баспаханасы

Қасиетті жұма күні «Жайық Пресс» ЖШС өзінің дербес баспаханасын іске қосты.

Су жаңа баспастаноктарын сынап көру ретінде іске қосу рәсіміне «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Жантас Сафуллин «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің  бас редакторлары Б. Ғұбайдуллин мен Р. Сыйықова қатысып, сөз сөйледі. Ізінше баспа станогы іске қосылып, қос газеттің жаңа баспаханадағы алғашқы нөмірлері басыла бастады.

  Баспаханада Үндістаннан әкелінген жабдықтар  орнатылған. Ол сағатына 30 мың даңа парақ басып шығара алады. Жиырма төрт беттік газетті шығаруға көп уақыт кетпейді. Тағы бір ерекшелігі, өзге баспаханаларда түрлі-түсті беттің екі жағын қатар шығару үшін екі мәрте станоктан өткізуге тура келсе, мұнда бірден баса береді. Шыққан  парақтарды ешкім қаттап әуре болмайды. Қоңдырғыдан дайын газет күйінде келеді.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Scroll to Top