Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингі басшылығы 12 аудандағы филиалымен селекторлық кеңес өткізді. Онлайн жиналыс деген раxат – бұрынғыдай әр ауданға жеке-жеке қоңырау шалу немесе редакторларын шақырып шығындануды керек етпейді)) Әрі бәрі бір-бірімен ақылдаса алады, оны ұжымдары түгел отырып тыңдайды. Жиында әрбір аудан газеттерінің шығармашылық жұмысы мен газеттерге жазылым мәселесі талқыланды. Бүгінде газет-сайттармен қатар әлеуметтік желілерге баса назар аудару қажеттігі айқындалды. Мәселен облыстық газеттеріміздің қазақшасының таралымы 16 мыңдай, орысшасынікі 8 мыңнан астам. «Жайық Пресс» ақпарат орталығының сайтын күнделікті оқитын 1500-дей тұрақты оқырманы болса, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын айына 50 мыңның үстінде, кейде ондағы өзекті бір ақпараттың өзін жиырма мыңдай адам қарайды. Мұның өзі оқырманның интернет ресурстарға ауысып бара жатқанын көрсетіп, келешек жұмыс бағытымызды айқындайтындай.
Нұрлыбек Рахмановтың блогынан