Алаштың азаттығы үшін құрбан болған арысымыз.
1935 жылдар шамасында НКВД-ның шаруашылық басқармасы арнайы жерлейтін жерлер іздей бастайды. Мəскеу маңынан үш орын белгілейді. Соның бірі Бутов ауылының аумағында болды. Жергілікті халыққа ауыл маңында оқу-жаттығу ату алаңы болады деп хабарлайды. Одан əрі бұл жерге
8.08.1937-19.10.1938 жылдар аралығында 20761 адам атылып, көмілген. Алдын-ала экскаватормен 13 шұңқыр қазады. Тереңдігі 4-4,5м, ені 4,5-5м, ұзындығы 70 шамасында болады. Өлім жазасына кесілгендерді Мəскеу түрмелерінен түнде Бутов полигонына əкеледі. Сол жерде бəрін қамап, құжаттарымен тексереді. Таң ата Мəскеуден арнайы келген “атқыштар” тобы қанды қырғында бастайды.
Тұтқындарды азғантай топпен шұңқырдың қасына əкеліп, жақыннан атады да шұңқырға құлата салады. Яғни, 1938 жылы 3 тамыз таңда Жаһанша атамызды Бутов полигонында болған. Сол күні таңертең қазылған 13 шұңқырдың бірінің қасына əкеліп, жендеттер тап қасынан атып шұңқырға лақтырған. Осылайша бүгінгі жарқын күніміз үшін күрескен арысымыз озбырлықтың құрбаны болды.
1962 жылы Бутов полигонын ағашпен биік етіп қоршайды. Полигонды 1995 жылға дейін мемлекет қатаң қорғайды. Бірақ 1990 жылдан бастап өлім жазасы үкімдерін орындау құжаттарының құпиялығы алына бастайды. Сол кезден бастап құрбан болғандардың ұрпақтары осы жерге келіп тəу етуді əдетке айналдырады. Қанды қырғын болған жерді сол кезде еске алу орнына айналдыратын жер етуге мемлекетте, қандай да бір саяси күште мойнына алмайды. Тек саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары бас қосып, қоғамдық негізде өз жауапкершіліктеріне алады. Қалың ағаш, шөп басып кеткен жерді абаттандырады. 13 шұңқыр ойылып, топырағы ортаға түсіп кеткендіктен үстіне топырақ төгіп биіктетеді. 2002 жылы “Бутов” ғылыми-ағартушылық мемориалды орталығын ашады. Осы орталықтың күшімен, халықтың қолдауымен барлық опат болғандардың аты-жөнін жазып арнайы белгі де қойған.
Сүйегі шетте жатса да арыстарымыздың жатқан жері қасиетті болмақ. Жаныңыз жəннатта болсын біз үшін құрбан болған Жаһанша ата!