1917 жылдың шілде айынан 1918 жылдың ортасына дейін Орда қаласында шығып тұрған «Ұран» газеті туралы бұл ғылыми-танымдық жинақта басылымның осы кезге дейін табылған сандары қазіргі әліпбиге аударылып ұсынылып отыр. Сондай-ақ мұнда газет шығарушылары Ғ.Мұсағалиев, Н.Манаев туралы деректер, «Ұран» газеті жайлы зерттеулер, көне суреттер қоса берілген. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұрған зерттеуші М.Ысмағұловтың жеке қорындағы деректер осы жинақта тұңғыш рет жарияланып отыр.