Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауылдық округі аумағындағы көне бейіт. Ел аузында «Құнан» немесе «Үш мола» атанған. Кезінде бірнеше биік шошақ мола болғаны байқалады. Қорымда құлап жатқан, жартылай көміліп қалған құлпытастар көп. Бұл қос құлпытас жартылай құлап, жойылуға жақындаған кесененің батыс жағында орналасқан. Құлпытас мәтінін оқыған Сұлтан ЖҰМАБЕКҰЛЫ, Бейнеу кенті, Маңғыстау облысы
