Танымал журналистер партияға қабылданды

Кеше «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ұйымдастыру және партиялық жұмыс бөлімнің меңгерушісі Серік Дәулетов пен «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Сарқұлов партияның жаңа мүшелеріне партия билетін салтанатты жағдайға табыстады.

Сөйтіп, «Жайық Пресс» ЖШС-ның 21 қызметкері «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне  қабылданды Елбасы Нұсұлтан Назарбаев төрағасы болып табылатын партия қатарына өткен әріптестеріміздің  арасында «Приуралье» газетінің бас редакторы Роза Сыйықова, «Орал өңірі» газетінің жауапты хатшысы Сырымбек Тұяқов, біздің газеттің бөлім редакторлары Гүлбаршын Әжігереева, Тоқтар Кенжеғалиев сынды танымал журналистер бар. Партия мүшелерінің қатары күрт  көбейген аталмыш мекемеде сол күні «Нұр Отан» ХДП-ның бастауыш ұйымы құрылып оның төрағалығына «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин сайланды.

Халық арасында жоғары беделге ие партияның құрамында бүгінгі таңда облыс бойынша 29 мыңға жуық мүше, 323 бастауыш партия ұйымы бар.

Гүлжамал Жолдығали

Scroll to Top