Тарихшылар мен өлкетанушыларға қуанышты хабар!!!
1918 жылы 17 қарашадан бастап жылдың соңына дейін жарық көрген “Хабар-Известия” жəне 1919 жылдың басынан басталған “Қазақ дұрыстығы-Киргизская правда” газеттерінің көшірмелері Ресей мұрағаттарынан əкелініп, араб əліпбиінен кириллицаға аударылып арнайы жинақ етіп шығарылды. Бұл газеттердің Ресей мұрағаттарынан қалай əкелінгендігін жəне мазмұны қандай болғанын кіріспе мақалалардан біле аласыздар. Сонымен қатар газет шығарушылар туралы да біз білген ақпараттар берілді. Бұл кітап Қазбек Қабжанов, Мұратбек Жахатов жəне Ерсайын Мергенбавтың қажырлы еңбектерінің арқасында жарық көрді.

