Сыйласаңыз кәріңді…

«Сыйласаңыз кәріңді, Жарылқаймын бәріңді» деген аталы сөз – «Жайық Пресс» ЖШС ұжымы ұстанатын қасиетті қағиданың бірі. 1 қазан – халықаралық қариялар күні бұрын облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің редакцияларында қызмет істеп, зейнет демалысына шыққан ардагер журналистерге құрмет көрсетілді.

Басқосу кезінде мекеме басшы­сы Жантас Сафуллин биыл шыға бастағанына 95 жыл толғалы отырған қос газеттің мерейтойы аясында ұйымдастырылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп бер­ді. Ардагерлерге арнайы алғысхат пен ақшалай сыйлық табыс етілді. Шағын дастарқан басында бас қосқан Мәжит Қайырғалиев, Ғилаж Наурзин, Энгельс Шыңға­лиев, Амантай Боранқұл, Влади­с­лав Ярлов, Ольга Кулик редак­цияда өткен жемісті еңбек жыл­дары тура­лы әңгімелеп, өздерін үнемі ұмыт­пай, ескеріп жүретін ұжымына ал­ғыс айтты. Кездесуде қос басылым­ның өткен тарихы, әріптес қалам­герлер туралы әсер­лі естеліктер көп айтылды. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Ғайсағали Сейтақ, «Орал өңірі» газетінің бас ре­дак­торы Бауыржан Ғұбайдуллин, «Приуралье» га­зетінің бас редак­торы Роза Сиы­қова, «Егемен Қа­зақстан» газетінің біздің облыстағы тілшісі Темір Құсайын да сөз сөйлеп, берген өнеге, көрсеткен көмегі үшін ал­дыңғы толқын аға журналистерге  алғыс айтты.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Орал өңірі» газеті

Scroll to Top