Суреттер сыр шертеді

Облыстық  «Орал  өңірі» және  «Приуралье»  газеттерінің 100 жылдығына  орай  «Жайық  Пресс» мекемесі  ғимаратының   дәліздегі  қабырғаларына    қос  басылымның  тарихынан  сыр  шертетін фотосуреттер  ілінді.

Мекеме басшысы Жантас Сафуллиннің мәлімдеуінше бұл суреттер бұрын еш жерде ілінбеген. Үңілген жанға әр фотосуреттің сыры мол. Мысалы, кеңсе дәліздеріне ілінген суреттерден қос газеттің бастауында тұрған тұлғалардан бастап, осыдан біразырақ жыл бұрын құрметті демалысқа шыққан ардагерлердің де фотобейнелерін көре аласыз. 1927 жылғы суретке «Қызыл ту» және «Қызыл Орал» газеттерінің 70-тен астам журналистері мен қызметкерлері алғашқы губерниялық жиналысқа келгенде түсірілген. Дәл сол жылы түсірілген тағы бір фотосуретте баспахананың байырғы қызметкері Тамимдар Сафиевті көре аламыз. Сонымен қатар қос газетте түрлі жылдары қызмет еткен тілші-журналистердің бейнелері сақталған. Қос газеттің «Құрмет белгісі» орденімен марапатталуы секілді тарихи сәттерге қарап, сол шақтың тынысын  сезінгендей  боласың.

Айымгүл  СҮНДЕТ,
Орал  қаласы

Scroll to Top