Шабыт сыйлаған Шалқар

28 маусым елімізде байланыс пен ақпарат қызмет­керлері күні ретінде аталып өтілуде. Осы кәсіби мерекелеріне орай облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен жергілікті БАҚ өкілдері мен республикалық БАҚ-тың аймақ­тағы меншікті тілшілері үшін Шалқар көлінің жаға­сында мәдени-спорт­тық шаралар  ұйымдас­тырыл­ды. Журналистерді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады.

Жарқыраған күн, ыс­тық құм, теңіз­дей толқыған Шалқар тілшілер қауымына ұмы­тылмастай мерекелік кө­ңіл күй сыйлады. Көл жағасында тізілген ақ­шаңқан киіз үйлердің са­ны арта түскен. Осы үйлерде Теректі ауда­нының ауылдық округ­те­рінің әкімдіктері қа­ламгер қауымды құр­меттеп қонақ етті.

Еш толастамайтын ақ­па­рат тасқынына іле­сіп, елді жаңалықтан уақ­тылы хабардар ету үшін күні-түні тыным таппай, жұ­мыс істейтін тілшілер бір сәт табиғат аясында спорттық жарыс­тар­ға да қатыс­ты. Дамылсыз жұ­мыс барысында бір-бірі­мен емен-жарқын әңгіме-дүкен құ­ру­ға мұр­ша таппайтын әріптес­тер об­лыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйым­дастыр­ған волейбол, шағын футбол, дартс, арқан тартыс, көңілді сө­ре ойындарына белсене атса­лысып, мә­ре-сәре болды.

Спорттық шаралардан соң өт­кен мерекелік концертте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау сөз сөйлеп, спорттық байқау же­ңімпаздарын марапаттады.

– Бұқаралық ақпарат құрал­да­ры қызметкерлерін, журналист қауымды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Мықты денсаулық, ашық аспан, жос­пар­ларыңыздың жүзеге асуын тілеймін. Біз теле­дидар тамашалап, газет оқығанда, мұның ұжымдық еңбек екенін ұғынамыз. Теледидардан бір журналисті көр­генімізбен, оның артында операторлар, редакторлар, монтаж­даушылар, дизайнерлер сияқты көптеген мамандық иеле­рі тұрады. Газет тілшісінің мақа­ла­сын оқырманға жеткізу үшін де редакторлар, корректорлар, баспахана қызметкерлерінің өлшеу­сіз еңбегі бар. Менің ойымша, әр тілші өз ісіне адал болуы керек. Яғни оқырман не көрермен өзін­дік қорытынды шығару үшін ақ­паратты әсірелемей дәл болған күйінде жеткізуі тиіс. Сіз­дер ха­лық пен биліктің дәнекерісіздер. Сондықтан сіздердің жұмыс­та­рыңыз аса маңызды, – деді өз құттықтауында облыс басшысы.

Шағын футболдан «Жа­йық Пресс-2» командасы үздік шықса, екінші орынды «Жайық Пресс-1» командасы, үшінші орын­ды «ТДК-42» теле­арнасы мен «Мой город» газетінің бірлескен командасы ие­ленді. Шағын футболдан турнир­дің үздік ойыншылары болып «Жайық Пресс-2» ойыншысы Ғай­сағали Сейтақ, «Қазақстан-Орал» телеарнасы тобынан Серік Дия­ров, «ТДК-42»-«Мой город» ко­мандасынан Медет Медресов,  «Жа­­йық Пресс-1» командасының мүшесі Айдын Аманғалиев та­нылды.

Арқан тартыста «Жайық Пресс» қызметкерлері облыстық спорт басқармасынан басым түсті. Кө­ңілді сөреден І орын «Жайық Пресс-2» командасы, ІІ орынды «Жайық Пресс-1», ІІІ орынды «Жа­йық үні» газеті мен «Астана» те­леарнасының біріккен командасы иеленді. Волейболдан «Жайық Пресс» қызметкерлері алдың­ғы орыннан көрінді. Дартстан бі­рінші орынды «Пульс города» га­зетінің тілшісі Юлия Никитина, екінші орынды сол газет­тің тілшісі Дмитрий Терещенко, үшін­ші орынды «Приуралье» га­зетінің тілшісі Альбина Байқо­нақова иеленді. «Ең үздік жағажай киімі» арнайы аталымы бойынша об­лыстық «Орал өңірі» газе­тінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдул­­лин (суретте) марапатталды. Бар­-
лық аталымдар бойынша жеңім­паздарға дипломдар, сый­лық­тар табысталды.

Теректі ауданы өнерпазда­ры­ның әндеріне тәнті болған тіл­ші­лердің өздері де сахна төрінен табылып, өнерлерін ортаға салды. Шалқардың жағасында өткен әсерлі кеш, мәдени-спорттық демалыс тілшілерге ерекше шабыт сыйлап, ұзақ уақытқа жетер күш-қуат бергені анық.

Нұрлыбек НҰРЛАНҰЛЫ

Scroll to Top