Құлпытастарды зерттеу қажеттілігінің сегізінші себебі.
Қазақты «надан, оқу, жазу білмеген» деп күйе жаққандардың өтірігін көкке ұшырады. Құлпытастағы жазулар қазақтың бай тілі, сауатты жазуы болғандығын дәлелдейді. Бір-ақ мысал, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылының батыс бетінде 18 шақырым қашықтықта орналасқан Мәулемберді қауымындағы құлпытастарды оқыған ғалымдар жазулардың араб тілінде өте сауатты жазылғандығына таң қалды. Ол жерге жерленген адамдардың өте терең білімді, ғалым болғаны, тас қойған адамдар да жай емес екендігін айтты. Тіпті сол жерде бір атадан тараған бірнеше адамның құлпытасы болды. Бәрінің де терең білімді, діни сауатты болғандары жазылған. Тектілік деген осы, ұрпақтан ұрпаққа терең білім, оң тәрбие берілген. Міне, қазақ надан, сауатсыз болса, осылай бола ма? Әрине отарлаушының да қорыққандығы осы, біз тамырымызды білсек, ұлы халық болғандығымыз ашылады.