Өткен мен болашақтың көпірі

Құлпытастарды зерттеу қажеттілігінің оныншы себебі.

ХХ ғасырдың басы нағыз аласапыран кезең болды. Тек Алаш зиялыларының аянбай, жеке бастың қамынан елдің қамын жоғары қойып, табандылықпен туған жерді, елді сақтап қалуға бар күшін салғанының арқасында бүгін азат ел болып отырмыз. Қиын-қыстау заманда еліне қорған болар азаматтарды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген бабаларымыз қараусыз қалған құлпытастардың иесі екендігін естен шығармау абзал. Алаш идеясы аясында бас біріктірген, Алаш орда үкіметін құрған қазақ зиялылар қуғындалып, атылып кетті. Бүгінгі ұрпақ тектілерді тәрбиелеген тұлғаларды білу үшін тасқа қашалған жазулардан олар туралы мәліметтерді алып, ел игілігіне айналдыруға тиіс.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02XiS87Us3S6zd9VCzzx8snpUfPCjsjHAWpYRYYJRz7J4J3GtYVADXx3f7HQCXZW2pl&id=100001986662575

Scroll to Top