Бүгінгі Орал қалалық мəслихатының кезекті сессиясында бюджетті нақтылап, түрлі комиссия мүшелеренің құрамын өзгертуден басқа үш бірдей шешім қабылданды. Екеуі əл-ауқаты төмендерге мемлекеттен берілетін қолдаудың тəртібі. Біріншісі, Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидасын бекіту туралы. Екіншісі, Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 18-4 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Бұнда ең бастысы “Өрлеу” жобасы іске қосылмақ. «Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы.
Үшіншісі, бейбіт жиналыстарды, митингтерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы.
Жақын арада бюджеттен бөлінген қаражаттың қайда, қанша бөлінгенін zhantas.kz сайтына саламын.