Бүгін музей басшысы Сафуллин Жантас Набиоллаұлы нысанда болып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.Белгілі бір іркілістер бар екендігі байқалып,соларды ыждағаттап , бірқатар нақты жұмыстарын жандандыруға тапсырмалар берді.
Қазіргі таңда “КазПроектРеставрация” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесінің өкілдері Сатыбалдиев Асланбек Тыныштыкбаевич және Ибрагимов Саламат Кадырулы қатысуымен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, А.С.Пушкин музей-үйі және Е.Пугачев музей-үйінде жөндеу жұмыстары пысықталды. Бұл – біздің мәдени мұрамызды сақтап, келушілерге қолайлы жағдай жасау жолындағы маңызды қадам.
Жөндеу жұмыстары музейдің ішкі экспозициялық залдары мен сыртқы көрінісін қамтып отыр. Жаңартылған музей келушілерді заманауи әрі ыңғайлы кеңістікте қарсы алатын болады.