28 маусым – Журналистер күнi қарсаңында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бұқаралық ақпарат құралдарының біраз қызметкеріне алғысхат пен мерекелік сый-сияпат табыс етті.
Облыс басшылығы тарапынан кәсіби шеберлігі мен үздік қызметі үшін мақтау-марапатқа ие болғандардың қатарында «Орал өңірі» газетінің фототілшісі Темірболат Тоқмамбетов, «Қазақстан-Орал» телеарнасының бейнеоператоры Рүстем Ищанов, «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Еркін Карин, «КТК» телеарнасының бейнеоператоры Андрей Симбирев және де басқа әріптестеріміз бар.
БАҚ қызметкерлерін төл мейрамдарымен құттықтау барысында Нұрлан Асқарұлы қоғамның ортақ мүддесі үшін тыным таппайтын журналист қауымға еңбек майданында тың табыс, шығармашылық жаңа шыңдар, сондай-ақ мықты денсаулық пен отбасылық бақыт тіледі. Осы тілекке облыстық сала басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары да қосылып, олар да қаламгер қауымға алғыстарын айтып, тарту-таралғыларын табыс етті.
Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда өткен мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен журналистика саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін
«Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов пен «Орал өңірі» га-
зетінің Жәнібек ауданындағы меншікті тілшісі Нұрымбек Жапақовқа алғысхат табыс етсе, облыстық ішкі саясат басқармасы «Орал өңірі» газетінің жауапты хатшысы Жаннат Есполаева мен газетіміздің қоғамдық-саяси бөлімінің редакторы Тоқтар Кенжеғалиевке де дәл осындай кұрмет көрсетті. Қазақстан Журналистер одағы төралқасының ұйғарымымен кәсіби мереке қарсаңында журналистика ардагері Энгельс Шыңғали «Қазақстанның құрметті журналисі» атағына ие болды. Ал «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының марапатына «Орал өңірі» газетінің тілшілері Серік Ихсанғали, Гүлбаршын Әжігереева және газетіміздің корректоры Динара Шанкишева ие болды.
Әріптестер, сый-сияпаттарыңыз құтты болсын!
Төрехан КӘРІМБАЙ