«Жайық Пресс» ЖШС жанынан ақпарат орталығы ашылған болатын.
Мақсат – жылт еткен жаңалықтарды жұртшылыққа дер кезінде жеткізіп отыру. Сондай-ақ республикалық деңгейде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария болуына жағдай жасау. Ол үшін әріптестік қарым-қатынастың болғаны артық етпейтіні айдан анық. Осы мақсатпен кеше «Жайық Пресс» ЖШС-ға республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері жиылды. Оларға серіктестіктің бас директоры Жантас Сафуллин ақпараттық орталықтың ашылғаны туралы хабардар етіп, болашақта қоян-қолтық жұмыс жасауға шақырды. Өз кезектерінде сөз алған журналистер бұл бастаманы қолдайтындықтарын жеткізді. Жарқын жүздесу соңында журналистер алдағы уақытта бірлесе қызмет атқаруға келісіп, меморандумға қол қойысты.
«Жайық Пресс»
ақпарат орталығы