Көбіміз ауылда туғанбыз. Осы ауылдарыңыздың маңындағы ескі қорымдарға мəн бердіңіздер ме? Үнсіз айдалада тігінен тұрған құлпытастар кімге қойылғанын білесіз бе? Көпшілігіміз бұл сұрақтарға тұшымды жауап бере алмаймыз. Себебі құлдық санадан азат санаға өтпедік. Оны өзіміз сезінбейміз. Шын мəнінде құлпытас – қазақтың ұлттық рухы, тілі, діні, тарихы, жазба мəдениеті, сəулет жəне қолөнер өркениеті, жердің нағыз иесі кім екендігін дəлелдейтін, əрі шекаралық белгі, əр адамның ата-тегі. Осыған байланысты келесі жылдан бастап құлпытастарды жүйелі зерттеуді жоспарлаудамыз. Алдымен құлпытасты зерттеудің маңыздылығының кемінде жеті себебін келтіремін. Оқырмандар ақыл қосса құп аламын. Бəрін бірден жазсам оқырмандар жалығып соңына дейін оқымауы мүмкін. Сондықтан əр күн сайын бір себептен жазамын. Содан кейін жұмысты ұйымдастыру жоспарыммен бөлісем. Қызықты болса бөлісе отырыңыздар, араларымызда осы іске білегін түріп белсене көмектесетіндер табылар.