Құлпытас – тасқа қашалған тарих

Құлпытасты зерттеудің үшінші себебі.

«Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Разылық өліге керек пе, әлде тіріге ме? Өлі – сенің ата-бабаң, тірі – бүгінгі сен. Оның ұрпағы. Әрине сен үшін керек. Бүгінгінің ата-анасы қайтыс болса көл-көсір тойдай етіп асын береді, қырқы не жүзіне дейін басын көтереді. Тіпті біреулері зәулім кесене салады. Енді ойлаңызшы олардың алдындағы ата-аналарымыз қайда? Оларды ұмытқанымыз жөн бе? Оны білуге әке-шешеңнің мүмкіншілігі болмағаны айдай анық қой, себебі Кеңес үкіметі тарихымызды жойып, ата-бабаларымызды ұмыттырып, жерімізді иеленгісі келгені айқын. Көптеген ескі қорымдардағы тастарды, құлпытастарды құрылыс материалдарына пайдаландырып, қарсы болған қазақтарды «билікке қарсы» деген желеумен жазалаттырған жағдайлар болған. Тіпті даладағы құлпытастарды әдейі троктормен түйіп құлатып, талайын сындырғанын да көзі көргендер айтып отырады. Енді тәуелсіздігімізді алғаннан кейін де ата-бабаңның сүйегін техника басып, мал тапап, қараусыз, еш қоршаусыз көз алдыңда жоқ болғаны қалай? Тәуелсіздігімізді алдық, бойда рух болса парызымызды өтеген абзал. Жеті атаның қағидасы тек жетінші буынға дейін қыз алыспау емес, сонымен қатар кем дегенде жеті атаға дейінгі ата-бабаңды құрметтеу деп түсінген жөн.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0odhNNpeoTp7HwfU12twuSHeRh4Dx8t8JY8Fuq5i1NtwySZuxUwvbJ7hZjo5BptQJl&id=100001986662575

Scroll to Top