Керемет көрме-концерт!

Биыл «Жайық Пресс» медиахолдингінің қызметкерле­рі кәсіби мерекелері – Журналистер күнін тағылымды шаралармен ерекше атап өтті.

Алдымен «Жайық Престің» мәжіліс залында «Жайық Престің» құра­мындағы қос облыс­тық газет, баспахана мен 11 ау­дандық газеттер ре­дакциялары­ның қызметкерлері  жиналған  бас­қосу  өтті.

«Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафул­лин жи­налғандардың алдына әр ау­дан­дық газеттің ұжымын ша­қырып, сөз кезегін ұсынды. Аудандық га­зет редакторлары ұжымдарын­да­ғы тілші, фотограф, дизайнер, есепші, жүргізу­шілерінің де атын атап, түсін түстеп, еңбек­теріне тоқталып, жақсылап таныстырып өтті. Редакторлардың бірі «Өмір бойы газетте қызмет етсем де, барлық ауданның тілшілері түп-тү­­гел жиналған басқосу тұң­ғыш өткізіліп отыр. Аты таныс болса да, жүзін көрмеген әріптестері­мізбен таныс­қанымызға қуаныш­ты­­мыз» деп ағынан жарылды. Жантас Набиоллаұлы бұл шара ұжымдағы бірлікті нығайта түсу үшін ұйымдас­тырылғанын, шаһар­дағы тілшілер үне­мі ауыл-аймаққа іссапарға шыққанда қош алатын аудандағы тілшілер екенін, олар­ды да бір кезек облыс орталы­ғына ша­қырып, құрмет көрсету керектігін айтты. Жиын соңында ақпарат айдынында өзіндік үле­сі бар жыл үздіктері алғыс­хаттармен және сыйақымен ма­рапаттал­ды. Олардың қатарын­да Ақжайықтан Нұрбек Ихсан, Сы­рымнан Бауыржан Мұста­фиев, Жәнібектен Нұртай Текебаев, Зе­леновтан Түгелбай Бисенов, Жа­ңақаладан Меңтай Бектұр­сы­но­ва, Қазталовтан Гүлфия Көш­баева, Теректіден Самал Жәмет, Қаратөбеден Серікбай Хасанов, Шыңғыр­лаудан Татьяна Кишкина, Тасқаладан Рауан Сатыбалдиев бар. Сондай-ақ барлық аудандық газеттерге баспа техникалары сыйға  берілді.

Журналистер күнін ерекше атап өту «Жайық Пресс» мекемесі үшін дәстүрге айналған. Мәселен, 2012 жылы «Жайық Пресс» БАҚ өкілдері арасында республикада тұңғыш рет бокс-шоу ұйымдастыр­са, былтыр қазақ күресінен «Жа­йық Пресс барысы» атты сайыс өтті. Ал биыл Ғ.Құрманғалиев атында­­-
ғы облыстық филармонияда атал­мыш мекеменің қызметкерлері көрме-концерт ұйымдастырды.

Концерт тамашалауға келген жұрт­шылық әуелі филармония кі­ре­бе­рісіне қойылған БАҚ қызмет­кер­лерінің қолөнер көрмесін тамашалады. Шығармашыл жандар­­­дың қиялы қай жағынан да жүй­-
рік келеді ғой, мұнда тіпті не жоқ дейсіз – тоқыма өнімдері, батик, гобелен, керамика, панно, картиналар… Әсіресе, ардагер-журна­лист Мәжит Қайырғалиевтің кар­тиналары, ағаштан ойылған кәде­-
сый-сувенирлері мен теректілік әріптесіміз Людмила Му­раш­кин­цеваның қолынан шыққан бұйым­-
дар көпшіліктің қызы­ғу­шылығын тудырды. Сондай-ақ «Сер­пін» ау­дандық газеті­нің бет құрушысы Бақыт Баймағам­бе­това­­ның мон­шақтан құрастырған сән­ді кә­де­сыйлары, облыстық «Приуралье» газетінің тілшісі Динара Киндербаеваның жапсырма кар­тиналары да төңірегіне көрер­мен­ді көп жинады.

Шара барысында меке­менің бағындыр­ған бе­лестері, бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы бейнебаян көрсетілді.

– Облыс әкімі Нұрлан Асқар­ұлының атынан сала қызмет­кер­ле­рін кәсіби мерекелерімен шын жү­ректен құттықтаймын. Тілші­лер­­дің еңбегі жанкешті, жұмыстары күн сайын қарбалас. Еңбектері­ңіз үшін елдің алғысын ғана алу жазсын. Қос облыстық газет­тің былтырғы мерейтойы қарса­ңын­да ауқымды істер атқарды­ңыздар. Сондай баян­ды бастамаларыңыз жал­ғас­ты болсын. Қаламдарың мұ­қалмасын, ша­быт тілеймін, – деп сала ардагерлерін, тілшілерді құт­тықтаған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бірқатар тілшіге облыс бас­шылығының ал­ғысхатын, Жа­ңа­қала аудандық га­зет редакция­сына су жаңа ау­токөліктің кілтін табыс етті.

– Еңбектеріңізге ризашылық пен алғысымызды арнаймыз. Тәр­биелік мәні бар, елге керек, қо­ғамға қажет бүгінгідей ғибратты шараларыңыз көп болсын. Жур­налистердің мұндай керемет көр­ме-концерті басқа салалардың қыз­меткерлеріне үлгі, – деді өз лебізінде Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов.

– «Жайық Пресс» екі облыстық және 11 аудандық газеттің, ақпа­раттық орталықтың басын бірік­-
тірген өңіріміздегі БАҚ саласын­-да­ғы ең ірі медиахолдинг. «Ел іші – өнер кеніші» дегендей, бұл мерекелік көрме-концертке біздің құрылымдардың барлығының да қыз­меткерлері атсалысты. 1923 жы­лы дәл осы ғимарат ішінде га­зетіміздің қызметкерлері театр­лан­дырылған қойылымдар қой­ған. Біз солардың ізін жалғау­шымыз. Бүгінгі шарамыз – үлкен ұжы­мы­мыздың ынтымақ-татулығымыз­­ды нығайта түседі деп сенемін. Аудандық газеттерімізде жа­ғым­ды жаңалықтар мол. Міне, өз­деріңіз Жаңақала аудандық га­зет редакциясына көлік табыс­талғанын көрдіңіздер. Бұл басқа аудандарға да жұғысты болсын! Сырым аудандық газетінің редакциясына басыбайлы ғимарат бе­рілді, құтты болсын! Жәнібектегі әріптестер Ұлы Жеңістің 70 жыл­дығы қарсаңында арнайы жи­нақ әзірлеуде, – деді өз сөзінде «Жайық Престің» бас директоры Жантас Сафуллин.

Күй шалқып, ән шырқалып, би биленді. Драмалық көріністер де қойылды. Ал «Приуралье» газе­тінің тілшісі Галина Самойлова әуелі Абайдың «Желсіз түнде жа­рық ай» әнін әуелетіп, сосын Ол­жас Сүлейменовтың  «Айналайын» өлеңін оқығанда шынайы тебі­ренісімен үлкен-кішіні бірдей тол­қытты. Сахнада Ғайсағали Сей­тақ, Қазбек Құттымұратұлы, Мах­мет Қажиахметов, Өмірзақ Ақба­сов, Тілес Жазықбай сияқты ақын ағаларымен қатар тұрып жас әріп­тестер де өз  өлең-жырын  оқыды.

Сырым аудандық «Сырым елі» газетінің тілші­сі Бауыржан Шир­ме­дин­ұлы мен Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі Нұр­тай Текебаевтың айтысы кө­рер­меннің көңілінен шықты. Жас­тардың әзілі әдемі болса, сонымен қатар олар қоғамдағы өзекті мәселелерді де орынды көтере білді. «Жайық Престің» ауыз тол­тырып айтатын жетістіктері де жырға  арқау  болды.

– «Орал өңірі», «Приуралье» –

                                        асқақ атың,

Тарихы терең сырдан

                                       басталатын.

1917-де «Ұран» деген атаумен

            жайған екен қос қанатын,

«Дұрыстық жолын»

                          кімдер құптамады,

«Қызыл туда» басылған

                                         тасқа мәтін.

«Екпінді құрылыс»

                             боп тұрған кезде,

Жыр жазған Қасымдай

                                         асқақ ақын.

«Орал өңірі» талайға

                                        қанат берді,

Бұл қатарға текті алаш

                                        тамсанатын.

Жанғали, Рақымжан,

                                        Ақұштаптар,

Жандар ғой мақтан етіп

                                       тамсанатын.

Қайрат ағам дүниеден

                                        кеше озған,

Көңілден қимай көзден

                                      жас таматын

Ақиқатты ақтаңдақ

                                  қаузап айтсам,

Кез бе қазір

                   біреуден жасқанатын?

Кеңестік қанды

                   орақтың құрбаны боп,

Қыл бұрауда қиналды

                                   қанша мәртің.

Ұлтшылдықты қылмыстық

                                      бапқа салып,

37-нің қанды қасап ойранында

Ескерусіз кетіпті қаншама құн.

Атылған редактор бар

                                           іштерінде,

Құрбандарға дұға қыл, жама­ғатым, – деп Нұртай бір толғап өтіп,

– Елге ісін әрдайым арнағасын,

Газетке бар ынтасын

                                     арнаған шын.

Тұрмысында шешілмеген

                                        түйткіл бар,

Журналистің кім елейді

                                    жан жарасын.

 «Тұрғын үй – 2020»-ны

                                жырлап жүрген,

Жандарға қамқорлық жоқ,

                                       таңданасың.

Журналистер редакция

                                     кең ордасын,

Тастамайды бермесе де баспанасын, – деп сырымдық Бауыржан өз кезегінде журналистердің біразы зар болып жүрген баспана мәселесін де тілге тиек етті.

– Көсілем қанғаныңша

                                      құмар­ларың,

«Жайық Пресс», саған да

                                   жыр арнадым.

Баспасөз саласына ұя болған

Бірісің батыстағы ұлы орданың.

Мен сені киіз үйге теңер едім,

Теңеуімді жөн болар

                                      құп алғаның.

Он бір сенің аудандық газетіңді,

Он бір қанат керегең деп

                                      құрамдадым.

«Орал өңірі», «Приуралье»

                                            киіз үйдің

Қос есігі секілді сыңарланған.

Осы екі есігің ашық болса,

«Жайық Пресс», жылжымай

                                    тұра алғаның.

Тілшілерің ол сенің уықтарың

Келісетін шығарсыңдар

                                        бұған бәрің.

Сол үйдің шаңырағы –

                                 «Жайық Пресс»

Бас иген алдында бір Алланың.

Сол үйдің қақ төрінде

                                отырған жоқ па,

Елеусін, Ғабдол-ғазиз,

                                       Ғұмарларың.

Жарыққа жетелеген

                                   жұртты нарша

«Жайық Пресс», ордасың

                                    құтты нансаң.

Шаңырақ шайқалмасы белгілі ғой,

Керегең, уықтарың мықты болса, – деп сөз арасында ұжымның
тарихын, бірлігін жырына арқау етті.

Жиналған қауым тарқасарда «Тілшілердің емес, құдды бір кә­сіби өнерпаздардың кешінен шық­қандай әсер алып, демалып қал­дық» деп алғыстарын жаудырып жатты.

Нұрлыбек РАХМАНОВ

Scroll to Top