Кеңес заманында қырғыннан аман қалған екі құлпытас

Кеңес заманында Бөрлі ауылының маңындағы ескі қорымдардағы құлпытастарды сындырып, бəрін МТС іргетасына салғандарын айтқанмын. Ауыл ақсақалдарының айтуынша суреттегі мына екі құлпытас сол қырғыннан аман қалғандар. Бірі дəл Бөрлі ауылының қазіргі зираты қоршауының сыртында 200 метрдей жерде, екіншісі осы ауылдан 40 км қашықтықта Амангелді ауылының қасындағы ескі қорымда орналасқан. Тракторлері біресе батып, біресе сынып ала алмапты. Жер бедерінен бұл жерлерде үлкен қорым болғандығы көрінеді. Бірақ осы екі құлпытастан басқа сынықтары да қалмаған.

Жантас Набиоллаұлы фэйсбук парақшасынан

Scroll to Top