«ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан» газетінің 115 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылып, тағылымды кездесу өтті. Тарихшылар, әдебиет майталмандары, ғалымдар бас қосып, еліміздегі алғашқы басылымдардың бірі ретіндегі газеттің мән-маңызын талқылады. Көрмеде сондай-ақ оның негізін қалаушылардың бірі – Ғұмар Қараш туралы да көптеген мағлұмат жинақталған.

Көрмеде “Қазақстан” газетіне қатысты мол мәлімет қойылған. Басылымның тарихы 1911 жылдың 16 наурызынан бастау алады. Алғашқы екі саны Орда ауылында, қалғандары Орал қаласында жарық көрді. Екі жыл ішінде барлығы 18 нөмірі шықты дейді өлкетанушылар. Ғұмыры қысқа болса да, сол кезеңдегі қазақ қоғамы үшін маңызды орын алды. Ұлттық сананың оянып, қалыптасуына себепші болған.

БАҚТЫЛЫ БОРАНБАЕВА тарих ғылымдарының кандидаты:

– “Қазақстан” газетінің негізгі идеялары, негізгі мақсаты – қазақ халқын ғылымға, білімге, отырықшылық өмірге, мәдениетке насихаттау болды. Жалпы 1917 жылға дейінгі мерзімді басылымдармен салыстырып қарағанда “Қазақстан” газеті өзінің демократиялық, реформаторлық прогрессивті сипаттағы бағытыменен сапалық ерекшеленеді. Сапасы жағынан. Жалпы “Қазақстан” газетін шығару әрине қазақ зиялыларына әрине оңай болған жоқ. Ол біріншіден, қаржыны қажет етті. Екіншіден, патша өкіметінің цензурасы бар. Осындай қиындықтың барлығынан да олар күш біріктіре отырып “Қазақстан” газетін шығарды.

Мерзімді басылымның жарыққа шығуына Алаш зиялылары ұйытқы болған. Олардың қатарында: Елеусин Бүйрин, Ғұмар Қараш, Бақытжан Қаратаевтар бар. Осы орайда көрмеде газеттің негізін қалаушылардың бірі ақын, ойшыл Ғұмар Қараштың өмірі, еңбек жолы және шығармашылығы туралы да тың мәліметтер қойылды.

Ол ХХ ғасыр басында қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірдің барлық саласына белсене араласқан ұлт зиялыларының бірі, әрі бірігейі дейді тарихшылар. Сондықтан оның мұрасын да ұрпақ жадында жаңғырту басым бағыттың бірі.

ЖАНТАС САФУЛЛИН БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры:

– 1921 жылы Ғұмар Қараш айуандықпен өлтірілгенменен 1947 жылы оның еңбектері саяси қуғын көрді, репрессияланды. Үкіметтің арнайы қаулысы шығып, соған байланысты оның еңбектерін толық бүкіл кітаптардан жойған болатын. Соған байланысты бүгінгі күнге дейін зерттеушілерге оның материалдарын бір жерге жинақтады. Жалпы Ғұмар Қараштың кім екендігін білу мүмкін болмай қалды. Осы тәуелсіздік алғанан кейін Ғұмар Қарашты тереңірек зерттеудің мүмкіншілігі туды. Ғұмар Қараштың еңбектерінің барлығы да ақталды. Елмен қайтып қауышты. Бірақ та енді бүгінгі күндегі тағы бір кемшілік зерттеушілер кітап қылып шығарғанмен, бірақ қарапайым халыққа Ғұмар Қараш кім деген кезеңде толыққанды жауап алатын дұрыс орта болған жоқ.

Көрмеде QR-код арқылы Ғұмар Қараштың шығармашылығымен танысуға да мүмкіндік жасалды. Тағылымды шараға жергілікті тарихшылар, ғалымдар, әдебиет саласының өкілдерімен қатар студенттер де қатысып, мол мағлұматқа қанықты.

ӘЛИ НӘБИ М.Өтемісов атындағы БҚУ оқытушысы:

– Жантас ағамыз, Қазбек ағаларымыз зерттеп, Ресейдің архивтарынан тауып, қазіргі кезде кирилицаға аударып, үлкен томдық кітаптар шығарды. Оларды қазіргі кездегі стцденттерге көбірек танытып, оқытуымыз керек. Өйтекні Ғұмар Қараш көп жылдар бойына жабық болған тақырыптардың бірі. Оның үгіт-насихатын әлі де көптеп жүргізуіміз керек деп ойлаймын.

“Қазақстан” газеті Қазақстан атауын тұңғыш рет айналысқа еңгізді. Бұған дейін барлық ресми құжатта қазақ атауы қырғыз-қайсақ деп бұрмаланып келген еді.

Aqjaiyq телеарнасы

Scroll to Top