«Нұр Отан» ХДП-ның барлық бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтуде. Жақында аталмыш жиналыс «Жайық Пресс» ЖШС бастауыш партия ұйымында да өтті.
26 партия мүшесі есепте тұратын бастауыш ұйымы Елбасы Н.Назарбаевтың әлеуметтік жаңғырту стратегиясын жүзеге асыру мақсатында жұмыстануда.
– «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді баспана – 2020», «Ақбұлақ», тағы басқа да мемлекеттік бағдарламалардың іске асу барысы журналистердің үнемі назарында. Бастауыш партия ұйымы қала, облыс активімен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Болашақта қатары көбейіп келе жатқан ұйым жұмысы жандана түседі, – деді есепті баяндамада ұйым мүшесі Бауыржан Имашев.
«Нұр Отан» ХДП қоғамдық бірлестігі Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Сарқұлов И.Тайманұлының 220 жылдығы, «Мұхит көшесінің тұрғындары», қазақтың ұлы тұлғалары бейнеленген дәптерлер шығару сияқты көптеген игі істерге бастамашы болып отырған бастауыш партия ұйымына қаладағы ең белсенді ұйым деп баға берді.
Бастауыш ұйым төрағасына «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин бірауыздан сайланып, қалалық конференцияға делегат болып «Орал өңірі» газетінің тілшісі Серік Ихсанғали, бастауыш партия ұйымы төрағасының жастар ісі жөніндегі орынбасары болып «Приуралье» газетінің тілшісі Галина Самойлова сайланды.
Зағипа ІЛИЯС