Шейітсайда Исатай бабамызға арналған кесене құрылысы басталып кетті. Кесенені салу орнына байланысты ғалымдардың пікірі бүгінде екіге, тіпті үшке бөлінді. Бірі Шейітсайда десе, енді бірі Шолақмолда да дейді. Үшіншілері айтылған екі жерден де нақты сүйегі табылмағандықтан халыққа тəу етуге қолайлы болуы үшін Орал-Ақтөбе көре жолына жақын салған жөндігін айтады. Осылайша сөз таластырумен шуласып жүргенде іскер азаматтар іске кірісті. Енді бір байламға келетін уақыт таялғандай.
