Дәптер – тек оқу құралы емес, сонымен қатар тәрбие құралы да болу қажет. Осы ұстаныммен бұрында тұлғаларымыз (Сырым, Райымбек, Исатай, Махамбет, Абай, Ғұмар, Жаһанша, Құрманғазы, Дина, Мұхит) бейнеленген дәптерлер шығарып едік. Міне, осы бастамамызды жалғастырып, биылғы оқу жылына арнап мұқабасына Керей мен Жәнібек, Әбілқайыр, Абылай хандарымыздың суреті салынған, соңғы бетіне қысқаша өмірбаяны жазылған дәптерлер шығаруды қолға алдық. Әзірге әрқайсысы 36 бетпен, 500 данадан жарық көрді.
