Хабар-Известия 1918. Қазақ дұрыстығы Киргизская правда 1919 газеті

Бұл кітап қазіргі Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында 1918-1919 жылдары шығып тұрған «Известия областного исполнительного комитета совета крестьянских, рабочих, киргизских, красноармейских и ловецких депутатов»-«Ішкі ордалықты басқарушы областной кіндік камитеттің Хабары» (қысқаша «Известия-Хабар») және «Киргизская правда областного исполнительного комитета советов крестьянских, рабочих, киргизских, красноармейских и ловецких депутатов»-«Қазақ дұрыстығы Ішкі Ордалықты басқарушы областной кіндік комитеттің хабары» (қысқаша «қазақ дұрыстығы-Киргизская правда») газеттеріне арналған. Бөкей ордасына совет өкіметі орнап жатқан алмағайып кезеңде жарық көрген бұл басылымдарда сол бір қиын кездердің көрінісі, ұлт зиялыларының білім, халық ағарту жолындағы қызметтері көрінеді. Кітап қазақ баспасөзі тарихын зерттеушілерге, жалпы оқырман қауымға арналған.

Scroll to Top