Əл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттегі кездесу

Бүгін Əл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің баспасөз залында баспасөз тарихына байланысты жарық көрген “Қазақстан” (1911-1913), “Ұран” (1917-1918), “Қос газеттің тарихы” кітаптарының таныстырылымы болды. Шараға Журналистика факультетінің деканы, кафедра меңгерушілері, студенттер қатысты. Қатысушы ғалым, ұстаздар бəрі де бірауыздан бұл баспасөз тарихын зерттеуге қосқан өлшеусіз үлес екендігін атап, əлде де терең зерттеп, насихаттау үшін барынша қолдау білдіретіндерін жеткізді. Соның ішінде түрлі тақырыптармен курстық, дипломдық жұмыстар жазуға тапсырма берілетінін жəне арнайы пəн енгізуді де қолға алатындарын айтты. Сонымен қатар Ұлттық Университетпен “Жайық Пресс” ЖШС-ның арасында түрлі бағыттарда тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға меморандумға қол қойылды. Бұл келісім шеңберінде көптеген мазмұнды істер атқарылатынына сенемін.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02HScy22LGYv5FtW9vwF8Sdc1nskDWB2uGKCTZSXqsqQMdcUq5qcUrDMKjJwX6eTtQl&id=100001986662575

Scroll to Top