Құлпытастарды зерттеу қажеттілігінің тоғызыншы себебі.
Құлпытас жазуындағы әліпби түбіміз бір түркі елдерімен бір екендігімізді, бәріміздің ұлттық дәстүрімізге жақын ислам дінін қабылдап, барша мұсылман елдеріне тән араб әліпбиін кеңінен қолданғанымызды көрсетеді. Тіпті жыл санауымыздың өзі бірдей болғанына да осы құлпытастар дәлел. Құлпытастағы адамның бұл фәниден өткен жылы хижра жыл санауымен берілсе қазіргі қазақ аңырап, бүгінгі жыл санауымызға өткізе алмай дал болады. Ал құлпытастағы жазбалардан хабары жоқ адам тіпті ерекше күйде болады, ол өте ескі құлпытас табылды деп қуанып, қуанышын жасыра алмай, таңдайын қағып таңырқай бастайды. Тек бәрін түсінгеннен кейін ғана өзінің білместігіне қатты қызарады. Осыдан-ақ құлпытасты түбіміз бір, дініміз бір түркі елдерімен байланыстырушы жәдігер деп айтуға әбден болады.