Нарыннан жеткен ғашықтық дастан
Аптаның сейсенбісінде Орал қаласындағы Достық үйінде «Жаскелең-Қоңырша» кітабының таныстырылымы өтті. Аталмыш іс-шараға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов, «Жаскелең-Қоңырша» жыр кітабының құрастырушылары Нұрлан Сәдір мен Жантас Сафуллин, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен өңірдегі білім ошақтарының оқытушылары, студенттері қатысты. Облыстық халық шығармашылығы орталығының […]