Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде жаңа тағайындау

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры лауазымына
Сафуллин Жантас Набиоллаұлы тағайындалды.

Жантас Набиоллаұлы 1982 жылы 6 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында дүниеге келген.
2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2018 жылы Еуразия академиялық халықтар достығы Ресей университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде азаматтық құқық кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған. Кейін ОМКК «Жайық Пресс» мекемесінде түрлі басшылық қызметтер атқарып, 2010–2018 жылдары бас директор болды.

2018 жылдан бастап «Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының» директоры қызметін атқарып, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау бағытында елеулі жұмыстар жүргізді.

Жантас Набиоллаұлы – бірнеше деректі фильмдердің авторы, өңірлік баспасөз тарихына арналған кітаптардың шығармашылық жетекшісі, сондай-ақ республикалық «Dana.kaz» тарихи-танымдық журналының негізін қалаушы.

Музей ұжымы жаңа басшыны тағайындалуымен құттықтап, оған алдағы қызметінде табыс, жаңа бастамалар мен жемісті еңбек тіледі.

Scroll to Top