Құлазыған далада,
Қараусыз қалған бабасын,
Іздер ме екен ұрпағы?
Құлпытасты зерттеудің төртінші себебі.
Қазақта «Жеті атасын білмеген жетесіз» дейді. Бүгінгі күнге дейін еліміздің аман сақталуына, ұланғайыр жердің иесі болуымызға жеті аталық қағиданың үлкен рөлі бар. Ұлттың қаны таза, ой-жүйенің жақсы дамуы, тәрбиелі, текті болуымызға да негіз осы жеті аталық жүйе. Өкініштісі отарлау саясатының кесірінен бүгінгінің көбісі жеті атасы түгелі төртінші не бесінші аталарында білмейді. Егер әр атаның жас аралығын 35 жыл деп алсақ, жетінші атаң осыдан 245 жылдай бұрын өмір сүргені анық. Осыдан-ақ даладағы қараусыз, дұға бағышталмай ұмыт қалған құлпытастар біріміздің болмаса біріміздің ата-бабаларымыз екені анық. Міне, құлпытастардағы жазбалар оқылса көптеген адам өзінің ата-бабаларын біліп, жеті атасын айқындап, қыз алыспайтын жақын-туысын көбейтіп, ұрпағына оң тәрбие беріп, тектілікті сақтап, елімізге адал қызмет етер ұрпақты көбейтері анық.