«Қалауымыз – халық бірлігі»

Жақында «Жайық Пресс» ЖШС-ның баспасөз орталығында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының 15 жылдығына арнап шығарылған «Қалауымыз – халық бірлігі» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеті қызметкерлерінен құралған шығармашылық топ еңбегінің нәтижесінде жарық көрген кітаптың тұсаукесер салтанатына Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы  төрағасының орынбасары, хатшылық басшысы Қуанышбай Төлебаев, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин, этно-мәдени бірлестік жеткшілері және облыс кітапханалары мен жоғары, орта оқу орындарының кітапханашылары қатысты.

Алғаш сөз алған Қуанышбай Төлебаев көпшіліктің қолдауымен жарық көрген кітапқа үлес қосқан жандарға алғыс білдірді. Шараға қатысқан этно-мәдени бірлестік жетекшілері қазақ және орыс тілнде жарық көрген кітаптың маңыздылығына тоқталды.

Шара соңында Қуанышбай Төлебаев Қазақстан халқы ассамблеясының 15 жылдығына ерекше үлес қосқан «Айдана» ЖШС-ның директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Аветик Амирханянға облыс әкімі атынан. Ал М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры  Түймеш Дәрішеваға облыстық ассамблея  атынан алғысхаттар табыс етті.

Алдағы уақытта облыстық ассамблея  құрамындағы ұлттық мәдени орталықтардың әрқайсысы өз халқының салт-дәстүрі, тарихы мен мәдениетіне қатысты дербес жинақ шығаруды да жоспарлауда.                                                                      

Гүлжамал  ЖОЛДЫҒАЛИ

Scroll to Top