Облыстың үздік сайты – www.infoportal.kz

Ғаламторды өркениеттің ең ғажап жетістігі деп бағаласақ, қателеспейтін шығармыз. Бүгінде оған үйреніп кеткеніміз сондай, үйден шықпай-ақ көп жұмысты тындыруға тырысамыз.

Мен интернет арқылы көлік іздедім. Көлік­ке қа­тысты ресейлік сайт­тардан көз тұнады. Пайдалысы да, пайдасызы да аз емес. Әзірге қазақстандық «www.kolesa.kz» сайты қарсы­лас­тарына шаң қаптырып, үз­дік келеді екен. Сайттың жа­ңар­тылуы, безендірілуі ерек. Одан басқа www.avtokolik.kzwww.avp.kzwww.auto.slando.kz сияқты сайттарының аяқ алыстары жаман емес.

Орал қаласының да ға­лам­тордағы ақпарат кеңістігі ба­-у­ырын көтеріп, енді-енді қа­натын қатайтып келеді. Ресми тілде ғана жарық көретін www.uralsk.info сайт­ы орыс тілд­і жерлес­теріміз­дің айын оңынан туды­рып тұр. Қаладан автокөлік іздеген маған www.infoportal.kz сайтының бұл ба­ғыт­тағы қыз­мет көрсетуі ұна­ды. Ондағы хабарландыру бөлімінде өзіңізге қажетті көлік маркасын, жылын, қолжетімді қаражат сомасын, көліктің басқа да техникалық сипаттамаларын толтыру арқылы керегіңізді таба аласыз. Тіпті көліктердің суретін де көруге толық мүмкіндік бар.

Өзге қырларын айтпасқа болмайды. 

Сайттан іздегенім көлік болса да, өзге қыр­лары адамды еріксіз қызықтырады екен. Мұнда облыстағы ең соңғы жаңалық­тар топтастырылған. Сондай-ақ «анықтама мәліметтері» қыз­меті арқылы қаладағы әртүрлі нысандардың мекен-жайы мен байланыс телефондарын табу­­ға болады. «Біздің қала» бө­лімінде шаһардың тарихымен, қаламыздағы назар аударар­лық орындармен танысып, әсем көркіне көз тойдыра аласыз. Тіпті көшелердің 1995 жылдан бері қарай ауыстырылған жаңа есімдері де осы жерде. Тарихи тұлғалар, ақын-жыраулар, мәдениет қайраткерлері өмір­баянымен танысып, естеліктер кітабын да оқуға болады. 

Сайт бетінен коммунал­дық қыз­меттердің тарифтерімен, ұшақ­­­тар қозғалысы, теміржол кес­тесімен үйіңізде отырып-ақ таныса аласыз. Сондай-ақ бос жұмыс орындарымен танысып, өз түйіндемеңізді орналасты­ра­мын десеңіз де өз еркіңіз.

Халықтың өзі арзан жарнамадан мезі болған кезеңде сайтқа «ойтұмар» бөлімі енгізіліп, Абайдың қарасөздері, батырлар жырларының толық нұсқасы, мақал-мәтелдер, афоризмдер сықылды ұлттың маржан дүниелерінің орналастырылуы мақтауға тұрарлық әрекет. Бүлдіршіндерге арналған «Балалар әлемінде» бесік жыры, жаңылтпаш, ертегілер сияқты бабалар мұрасының көрініс табуы да көңілге қонымды.

Ғаламтордағы қазақы қолтаңба

Адамзаттың болашақ өмі­рін ғаламторсыз елес­тету мүмкін емес. Ал кейбір елдер оны игілігіне жаратып отыр десек, артық айтқан болмаймыз. Жастардың дені интернетке ауғаны да рас. Енді сол ғаламторды пайдалы арнаға, оң бағытқа салып, халқымызға пайда әкелетіндей қырларын жетілдірсек, нұр үстіне нұр болар еді. Сондықтан осы тұрғыдан қарағанда аталы сөз, парасатты ақылға шақыратын сайттар керек-ақ.

Қазақ сайттарының көші қай бағдарды бетке алғанын аңдау қиындау. Іштерінде не жоқ десеңізші? Қатарынан барлық қырымен оқшау тұрғандары да, басқа әлемде өмір кешкендей елеусіз сайттар да, халықты неге үндеп жүргені белгісіздері де, тілді жүгенсіз ұстап, оңды-солды жазатындары да толып тұр. Арасында іргесін бекіткен, кесімді үні байқалатын тегеурінділері де бар. Әйтеуір әркім керегін таба алады.

Виртуалды әлемнің қоғамды алға дамытуға әсері мол екенін мойындауға тура келеді. Елімізде ғаламторды пайдаланушылар саны сағат санап артуда. Әсіресе, жас өскіннің интернетке деген ерекше құмарлығын ескерсек, онда осы виртуалды әлемді игеру, қазақ тілді сайттар арқылы қазақ аудиториясын қалыптастыру – еліміздің мүддесі мен болашағы үшін аса қажет іс. Сондай-ақ әлемдік ақпарат кеңістігінде қазақы қол­таңбамызды қалыптастыру мәселесіне самарқау қарау жа­рамас. Ғаламторда ұлттық ажары қанық желі жасау – өте маңызды шаруа. Бұл тұрғыда қос тілді www.infoportal.kz-ті облысымыздың пайдалы дүние­лерін бір жерге тоғыс­тыруды мақсат еткен, көпшілікке пайдалы ақпараттар мен қазақы құндылықты қабыстыра білген үздік сайт деуге болады.

Кәрім ҒАЛИЕВ

Scroll to Top