Кеше «Жайық Пресс» ЖШС басшылығы биылғы баспасөзге жазылу науқанында нардың жүгін арқалап, облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттеріне оқырманды мейлінше мол тартқан үздік қоғамдық жаздырушыларды марапаттады. Жүзден жүйріктер қатарынан табылған Сырым аудандық ауруханасының бас мейірбикесі Күләш Айташева мен облыстық қазынашылық департаментінің бас есепшісі Фарида Арыстаналиева ханымдар серіктестіктің бас директоры Жантас Сафуллиннің қолынан арнайы алғысхат алып, бағалы сыйлық – қысқа толқынды пешке ие болды. Жүлде құтты болсын, газет жанашырлары!
Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ