Меморандумға қол қойды

«Жайық Пресс» ЖШС жанынан ақпарат орталығы ашылған болатын.

Мақсат – жылт еткен жаңалықтарды жұртшылыққа дер кезінде жеткізіп отыру. Сондай-ақ республикалық деңгейде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария болуына жағдай жасау. Ол үшін әріптестік қарым-қатынастың болғаны артық етпейтіні айдан анық. Осы мақсатпен кеше «Жайық Пресс» ЖШС-ға республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері жиылды. Оларға серіктестіктің бас директоры Жантас Сафуллин ақпараттық орталықтың ашылғаны туралы хабардар етіп, болашақта қоян-қолтық жұмыс жасауға шақырды. Өз кезектерінде сөз алған журналистер бұл бастаманы қолдайтындықтарын жеткізді. Жарқын жүздесу соңында журналистер алдағы уақытта бірлесе қызмет атқаруға келісіп, меморандумға қол қойысты. 

«Жайық Пресс»
ақпарат орталығы

Scroll to Top