Сізге қандай дәптер керек?

«Жайық Пресс» ЖШС былтырдан бастап мұқабасында ұлты­мыздың ұлы тұлғалары бейнеленген дәптерлер шығара бастағаны мәлім.

Биыл осы бағытта алдын ала тапсырыстар да түсуде. Мысалы, Қазталов ау­данындағы Ғұмар Қараш атындағы мек­теп-гимназияның басшылығы «Жайық Пресске» мұқабасында ағартушы-ақын Ғ.Қараштың суреті басылған 500 дәп­терге тап­­­сы­­рыс тү­сір­ді. Ал облыс ор­­та­лы­ғын­да­ғы пе­дагогикалық кол­ледж сыртында Жаһанша Досмұхамедов бейнеленген дәп­терге тапсырыс бермек ниетте. Демек, ұлтқа тұтқа болған тұл­ғалардың есімін иеленген үлкенді-кішілі оқу орындары патриоттық си­паттағы осындай бастаманы іліп алып кетсе, қандай жарасымды! Бұл мәселе бойын­ша «Жайық Пресс» ЖШС-ның байланыс телефоны: 50-30-14

“Орал өңірі” газеті №91

Scroll to Top