Жас әскери тілшілердің жиыны

Орал қаласында орналасқан 5517-әскери бөлімінде жас әс­ке­ри тілшілердің бір күндік оқу-әдістемелік жиыны өтті.

Жиында бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, капитан Серік Әлімбеков пен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы, майор Ерболат Сұлтанов құттық­тау сөз алды.

Әскери бөлімнің клубында ма­йор Е.Сұлтанов жас әскери тіл­шілердің негізгі қызметі жайында алғашқы оқу-әдістемелік сабақ өткізді. Сабақтар бекітілген кестеге сай жүргізілді. Сол күні бөлімнің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бөлімшесінің бас­ты­ғы, капитан Сырылбек Куанғали «Ротадағы қабырға газетін белгіленген талапқа сай безендіру» тақырыбында көрсетілімдік сабақ ұйымдастырды.

Түстен кейін жас тілшілер «Жайық Пресс» ЖШС-ында бол­­ды. Мұнда олар облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» ба­сы­лымдарының редакциялары мен баспаханада болып, журналистер мен баспагерлердің тыныс-тіршілігімен танысты. Кездесу барысында «Жайық пресс» медиа холдингінің басшысы Жантас Сафуллин мен облыстық газеттің бас редакторлары Бауыржан Ғұ­байдуллин, Роза Сыиқова «Орал өңірі» мен «Приуралье» газет­терінің тарихы, бағыттары туралы сөз қозғап, жас тілшілердің сауалдарына тиянақты жауап берді.

 Жас тілшілер жиын барысында басылымдарда көп пайдалана­­-
тын жанрлардың, әсіресе, заметка, очерк, мақала, репортаж және де фото түрлерінің қалай түсіріліп
жә­­не жазылу керектігі жайында те­рең дәріс алды. Жиынға қатысу­шы­лар кешкі мезгілде қаланың көр­некті жерлерін тамашалады.

Жиынның қорытынды жина­лысында Ерболат Сұлтанов осы жиында оқытылған мәселе­лер бойынша сараптама жасап, оның жауынгерлерімізге ке­ле­шек ма­­ман­дығын таңдауда ой салаты­нына, білімдерін артты­раты­ны­на кәміл сеніп, игі бастамала­ры­на шығармашылық табыс тіледі.

“Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Scroll to Top