Ақсақал Мұхтар Бокаевтың айтуынша Бөрлі ауылындағы мына үй 1937-1938 жылдарда НКВД-ның ғимараты болыпты.

Бөрлі ауданының архивін ұзақ жылдар басқарған ақсақал дəл осы жерде 40 адамның ату жазасына кесілгенін анықтапты.
Үлкендер көздеріне жас алып “Талайларды басына қап кигізіп, қолын артына қайырып алып бара жатқандарын көзімізбен көрдік, аз уақыттан кейін жендеттер өздері кері қайтып келетін” деп айтады екен. Жəне Мұхтар атаға осы үйден 250-300 метрдей жерде орналасқан, суреттегі алып ағаштардың түбінде сот үкімімен ату жазасына кесілгендерді атып өлтіріп, сол жерде орға лақтыра салатындарында айтыпты. Мына алып ағаштар соның куəсі, бұл жерде аталарымыздың сүйегі əлі жатыр, осы маңнан өткенде бет сипап өтіңдер деп тапсырыпты.